“Нұр Отан” партиясы “Аманат” болып өзгерді

Primary tabs

Mar 03, 2022 / 0 comments

“Нұр Отан” партиясы ресми түрде “Аманат” атауымен қайта тіркелді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 

 

Партия қазірдің өзінде бренд-бук әзірлеуді, сондай-ақ партияның ресми сайтын және әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жаңарту жұмыстарын бастады.

 

“Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға толығымен сәйкес келеді. Қайта тіркеу “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы” заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді”, - деп хабарлайды бұрынғы «Нұр Отан» баспасөз қызметі.

 

Мәжілістегі “Нұр Отан” фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов партияның атын өзгертуді ұсынды. Атауды өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.

 

Аманат сөзі ата-баба келісімі, ұрпаққа өсиет деген мағынаны білдіреді.