«Айбын-2020» жастар жиынының салтанатты жабылуы өтті

Primary tabs

Жел 02, 2020 / 0 комментарии

ҚР Қорғаныс министрлігі 2020 жылғы 26 қарашада Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ғимаратында «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылуын өткізді.

Іс-шараға Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Нұрсипатов, жиынның жеңімпаздары қатысты.

Нұрлан Ермекбаев: «Барлық қатысушыға үздік болуға тырысқандары үшін алғысымды білдіремін. Сіздер бәріңіз әскери іспен танысып, армия мен Қарулы Күштердің тарихы туралы білдіңіздер, жетістіктеріңізді, білімдеріңіз бен ептіліктеріңізді көрсеттіңіздер»,- деді.

Аида Балаева «Жас Қыран» командасының капитаны, өңірлердегі әскери-патриоттық клубтар арасындағы жеңімпаз Ажар Ықыласованы марапаттады, сондай-ақ, 1ші орын алғаны үшін «Сағадат» әскери-патриоттық клубы командасының капитаны Ғабит Ізбасаровқа кубок пен медаль табыстады.

Аида Балаева өз сөзінде әскери-патриоттық тәрбие берудің ел үшін маңызы зор екенін, мұндай шаралар жастардың ел тағдыры үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Айбын-2020» жиынының қорытындысы бойынша 1-ші орынды Шығыс-Қазақстан облысының «Жас қыран» командасы, 2-ші орынды Түркістан облысының «Барыс» командасы және 3-ші орынды Алматы облысының «Жетісу тарландары» командасы иеленді.

Еске сала кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігімен «Айбын-2020» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн форматта ұйымдастырылып, өткізілді. Кез-келген интернет-қолданушы Айбын жастар жиынының сайтына кіріп, шара барысын көре алды.