«Бірыңғай терезе» порталының енгізілуі мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға мүмкіндік берді

Primary tabs

Қаң 28, 2021 / 0 комментарии

Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын цифрландыру импорттық-экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлердің транзакциялық шығындарын азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығының артуына бағытталған, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Кәсіпкерлерді «жапсарсыз» қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында бизнеске арналған «бірыңғай терезе» қағидатын іске асыру үшіш инфрақұрылым құрылуда.

Автоматтандыру және оңтайландыру саласындағы қол жеткізу мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, сонымен қатар мемлекеттік билік органдары көрсетілген қызметтерді көрсетуіне талаптарды күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен, экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталын енгізу щеңберінде іске асырылатын, іс-шаралардың бірі кеден ісі саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету саласы әкімшілік реформаның ең сәтті бағыттарының бірі болып табылады, алайда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер қалған болатын.

Осы мақсаттарда, ағымдағы жылғы 5 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 407-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол кеден органдарын ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту жолымен кедендік әкімшілендірудің тиімділігін жетілдіруге бағытталған, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Жаңа түзетулер кеден саласында келесі мемлекеттік қызметті көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландырудың негізгі элементі болып табылады:

1. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу;

2. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу;

3. Уәкілетті экономикалық операторлардың мәртебесін беру;

4. Тауарларды уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу (өз тауарларын сақтау қоймасы, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қоймасы);

5. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу;

6. Авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын кедендік тізілімге енгізуді.

Сондай-ақ «Бірыңғай терезе» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру:

  • кеден ісі саласында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруға;
  • қызмет көрсетушімен қызмет алушының физикалық байланыстарын барынша болдымауға, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға; 
  • қызметтер көрсету шеңберінде шешімдерді қабылдау кезінде адами факторды жоюға;
  • кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын, тұлғаларды әкімшілендіру процестерін автоматтандыруға;
  • ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы қызмет алушыларға хабарлама жолдауға мүмкіндік береді.

Қабылдаған Заң дер кезінде енгізілді және мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыруға, кедендік операцияларды және халықаралық сауда рәсімдерін оңайлатуға ықпал ететін болады.

Аталған Заң 2021 жылдың 17 қаңтарынан бастап қолданысқа енген.