«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы өтуде
Primary tabs
Ауданымызда республикалық «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясының іс-шаралары жалғасуда деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.
"Іс-шараның өз дәрежесінде нәтижелі өтуі үшін басқарманың қызметкерлері кеңейтілген құрамда жұмылдырылды,-деді басқарма бастығы полиция подполковнигі Б.Тотыбаев.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік, ювеналды полиция тобы және қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерімен бірге тұрмыста құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріп, тұрмысы қолайсыз отбасылармен кездесті. Сондай-ақ, елді мекендерде азаматтарды қабылдау арқылы
отбасылық құндылықтар насихатталып, құқықтық түсіндіру шаралары жалғасуда.