«KASKELEN CUP 2019» республикалық турнирі өтті

Primary tabs

Ақп 11, 2019 / 0 комментарии

 10 ақпаны күні Қарасай аудандық №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында дәстүрлі IV-ші «KASKELEN CUP 2019» республикалық турнирі өтті.

Турнирді Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы Алматы облысы филиалы ұйымдастырды.

Республикалық ауқымдағы жарыс 27 салмақ  және  6 жас  санатында  «Кумите» ережесі бойынша өтті. Оған Астана, Алматы қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан  400 ден аса спортшы қатысты.

«KASKELEN CUP 2019» республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы облысы спорт және денешынықтыру басқармасы бекіткен командалық кубок және әр салмақ, әр жас аралығында Қарасай ауданы спорт және денешынықтыру бөлімінің арнайы медалдар, дипломдармен марапатталды.

Нәтижесінде 1 орынды алты алтын, бес күміс, жеті қола жүлдені иеленген Алматы облысының Шинкиокушинкай командасы, 2 орынды барлығы 29 жүлдені қоржынына салған Алматы облысының РҰККФ командасы, 3 орынды 12 жүлдемен Алматы қаласының командасы (Аби Окинава) иеленді. Сонымен қатар, бірқатар номинациялар да белгілі болды. Атап айтқанда, "Ең қысқа жекпе-жек" – Власов Марк 3сек (Б.Кабулова Алматы), "Ең үздік техника" – Таджикулов Эльдар (Аби Окинава Алматы), "Жауынгерлік рух" – Кемелбекова Камила (ҰРККФ Жамбыл облысы) деп табылды.