Абақтыда отырған «Дикий Арман» қайда жоғалды?

Primary tabs

Ақп 02, 2022 / 0 комментарии

Бүгін Алматыдағы уақытша тергеу изоляторында отырған, "Дикий Арман" лақапатпен көпшілікке таныс, қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің абақтыда жоқ екені анықталды. Ол туралы күдіктінің қорғаушылары мәлімдеді, деп хабарлайды Kaskelen.kz желілік басылымы.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда алаңға шыққан «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті құқық қорғау органдары қамауға алған еді. Ал, бүгін әлеуметтік желі мен БАҚ-та оның тергеу изоляторында жоқ екені туралы ақпарат тарады. Дәлірек айтсақ, бүгін Жұмагелдиевтің адвокаты Талғат Есімов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің уақытша ұстау изоляторының жанында тұрған видеосын жүктеді. «Бізге бейресми дереккөздер бойынша белгілі болғандай, қорғауымыздағы Арман Жұмагелдиевті осы жерге әкелген. Бірақ, қазір ол ешқайда жоқ. Департаменттің кезекшісі изолятордың телефонын бере алмады», - дейді Талғат Есімов. Осы сөздерден кейін ол ары қарай департамент ғимаратына кіргісі келгенмен, есікі жабық екенін көрсетеді. Адвокаттың айтуынша, құзырлы органдар Жұмагелдиевтің қайда екеніне қатысты әзірге жауап бермеген. Azattyq Ruhy тілшісі Арман Жұмагелдиевтің мәселесіне қатысты Бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласты. Құзырлы орган мәселе анықталып жатқанын айтады.