Адамның шәші неге ағарады?
Primary tabs
Адамның шашы неге тез ағарады? Бұл сауалға Америка Құрма Штаттарының дәрігері Джо Чинкотта жауап іздеді деп хабарлайды Massaget.kz.
Ғалым мыңға жуық адам жинап, зерттеу жүргізген.
Зерттеу тобы сынаққа келген адамдардың тамақ рационын, өмір сүру салты мен күйзеліс деңгейі, жүйкесі, терісі мен шашы сынды гендік ерекшеліктері басты назарға алынып, сол туралы деректерін алып салыстырғаны белгілі болды.
Олар жиналған мәліметтерді саралай келіп, біраз нәрсеге таңқалған екен.
Біріншіден, шаштың ағаруына күйзеліс пен стресс аса әсер етпейтін көрінеді. Зерттеуге келгендердің арасында тағдыры ауыр, қиындық пен құлауды көп көргендер болғанымен, күйзелістің кесірінен шашы ағарғандар аз болған. Соған қарағанда "бір күнде шашым ағарып кетті" деген сөз жаңсақ тәрізді. Адам табиғатында асырып айтатын қылық барын ескерсек, кейде метафора қолданамыз, тілді дәл жеткіземін деп "артық кетіп" қалатын сәттер болады.
Екіншіден, шаштың өсуіне көмектесетін ағзадағы меланин горманы жас ұлғая келе аз бөлініп, шаштың ағаруы содан болады екен.