Алакөлде жағалау опырылып, 17 жастағы қыз қаза тапты

Primary tabs

Тмз 03, 2020 / 0 комментарии

Ол үйінді астында қалған. 

Алакөлде жағалау опырылып, үйінді астында қалған 17 жастағы қыз қаза тапты. Оқиға Алматы облысы Көктума ауылында болды, деп хабарлайды 24.kz.

«Жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар көмекке бірден жеткенімен, өкінішке қарай, қызды құтқару мүмкін болмады. Бірнеше күн бұрын демалысқа келген қыз оқиға орнында қаза тапты», - деп жазылған телеарна сайтында.

Қазір бұл іспен арнайы құрылған жұмыс тобы айнлысып жатыр. Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатовтың айтуынша, жағалауларды бекіту жұмыстары атқарылып жатыр және бұған 5 млрд теңге бөлінген.

 

Дереккөз: https://azattyq-ruhy.kz