Алаяқтар Kaspi.kz және Homebank.kz сайттарының көшірмесін жасаған
Primary tabs
Киберқылмыскерлер банк клиенттерінен ақша жымқырудың жаңа тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Kaskelenkz Хабар24 арнасына сілтеме жасай отырып.
Алаяқтар телефон иесіне гаджетті басқаруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаны бастыруға сендіреді. Мамандардың айтуынша, айына соның көмегімен жеке тұлғалалардан мыңнан аса ақша шығару операциялары жүргізілген. «Айына орташа есеппен ірі банк үшін алтыдан он миллион рубльге дейін шығарып отырған», – дейді кибершабуылдарға тойтарыс беретін Group-IB компаниясының директоры Илья Сачков.
Осыған дейін, кибералаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін сайттардың дубликатын жасағанын айтады. Дер кезінде Kaspi.kz және Homebank.kz сайттарының егіздері анықталып, бұғатталған. Фишинг сайттарда қолданушыларға телефон нөмірі мен парольді теруді сұрайтын болған. Ары қарай SMS-код теру арқылы қолданушы өз есепшоттарын алаяқтарға ашып беретін болған.
Сол себепті, қаржыңызды қандай да бір мобильді қосымшаларда немес банк карточкаларында сақтасаңыз да, аса мұқият әрі абай болғаныңыз жөн.