Алматыдағы Абай даңғылы уақытша жабылады

Primary tabs

Тмз 26, 2021 / 0 комментарии

Алматыда метро құрылысына байланысты Абай даңғылы уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Достық» метро құрылысына байланысты Абай даңғылы – Б.Момышұлы көшесіндегі көлік қозғалысына өзгеріс енгізіледі:

— 27 тамыз кешкі сағат 22: 00 -ден 28 тамыз кешкі сағат 22: 00 -ге дейін Абай даңғылының бойымен Саин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы жабылады.

— Абай даңғылының бойында орналасқан үйлердің ауласына кіретін және шығатын жерлер ашық болады.

— Б. Момышұлы көшесі мен Саин көшесі бойымен қозғалыс қалыпты режимде болады. Көліктердің жүруіне шектеу жоқ.