Алматыда бір тәулікте "үнді" штамын 36 адам жұқтырған

Primary tabs

Мау 30, 2021 / 0 комментарии

Өткен тәулікте Алматыда коронавирустың жаңа штамын ("үнді") 36 адам жұқтырған. Бұл туралы Алматы қаласы СЭБД басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары атап өткендей, "үнді" штамын жұқтырғандарды анықтау үшін 46 сынама алынған, оның 36-сы оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, Байғабылов қалада коронавирустың аса жұқпалы "дельта" штамы бұрынғы штамдарды алмастырып жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан еді. 2016 адамда жұқпалы індет расталды. Олардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында. Сонымен қатар, профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, иммунолог Алмаз Шарман қазақстандықтарға егіліп жатқан вакциналардың басты ерекшеліктеріне тоқталған болатын. 

Оның сөзінше, "Спутник V" вакцинасы ағзаны вирустан жақсы қорғай алады. Ол үшін қос компонентін бірдей алу керек.

"Басқа мемлекеттерде аденовирустық вакциналар дельта-вирустан екі компонентін бірдей алғанда тиімді қорғай алатынын көрсетіп отыр. Мен елімізде салынып жатқан вакциналар "дельта+" штамынан да қорғай алады деп топшылап отырмын. "Спутник V" вакцинасы да аденовирустық екпе болғандықтан, оны да дельта штамынан қорғайды деп айтуға болады", - дейді Алмаз Шарман.