Алматыда Жандосов көшесіндегі BRT құрылысы қашан аяқталады

Primary tabs

Қзн 14, 2020 / 0 комментарии

Алматы қалалық Мобильділік басқармасы Жандосов көшесіндегі BRT құрылысы қашан аяқталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BRT жобасы аясында 8,7 шақырым жолдың 7,7 шақырымы қайта жаңартылды. Бірінші кезеңнің маршрут учаскесі Ғ.Мұстафин - Сүлейменов - Жандосов – Тимирязев көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін барады.

«Жандосов көшесінде Сүлейменов көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейін жұмыс жасалып жатыр. Биыл жер учаскелерін сатып алынды және ғимараттар бұзылды. Құрылысты 2021 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр», - деп хабарлады басқармадан.

Бұған дейін, BRT құрылысының бірінші кезеңі қыркүйек айында аяқталады деп мәлім етілген.

BRT құрылысының екінші кезеңіне келетін болсақ, қазіргі уақытта Алматыда жүрдек автобус желісі құрылысын жоба–смета құжаттары әзірленіп жатыр. BRT жобасының екінші кезеңі, яғни 13 шақырымдық учаскесі Желтоқсан көшесімен Төле би, Шығыс айналма жолы, Halyk Arena тұсындағы депоға дейін барады.

«BRT құрылысы қаражат бөлінген жағдайда 2021 жылдан басталады. Сараптама қорытындысы шыққан соң республикалық бюджетке сауал жіберуіміз мүмкін. Келер жылы бастасақ, құрылыс жұмыстарына шамамен 22 ай кетеді. Құрылыс жұмыстары 1,5-2 жылға созылады», - деді қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан. Жоба құны шамамен 12 млрд доллар деп бағаланып отыр.