Алматыда құрылысшы өз әріптесін пышақтап тастады

Primary tabs

Мау 06, 2021 / 0 комментарии

Оңтүстік астанада құрылысшылар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды. Бүгінде күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды 

Оқиға бесінші маусым күні Құлжа трактісіндегі тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде сағат 20.20 шамасында орын алған. Полицияның хабарлауынша, өзара келісе алмаған құрылысшалар төбелесіп, нәтижесінде біреуі көз жұмды.

"5-маусым күні Медеу аудандық полиция басқармасына Құлжа тасжолында тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерде екі жалдамалы жұмысшының арасындағы төбелес салдарынан ер адамның бірі есінен танып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тергеу-жедел тобы оқиға орнына келген кезде 37 жастағы Х. есімді ер адам Вася есімді серіктесімен бірге жоғарыда аталған пәтерді құрылыс жұмысын жүргізіп, ішімдік ішкені анықталды. Мас болған олардың арасында жанжал шыққан. Төбелес кезінде Х. серіктесіне бірнеше рет жарақат салды. Қазір қайтыс болған ер адамның аты-жөні анықталып жатыр" , - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оқиғаға қатысты "адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.