Алматыда өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасаған 18 жастағы қарақшы ұсталды
Primary tabs
Алматыда көшеде өтіп бара жатқан қызға шабуыл жасаған 18 жастағы қарақшы ұсталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.
Аталған қылмыс жеке секторда, Айвазовский көшесінің бойында орын алған. Жас жігіт көшеде өтіп бара жатқан қызға шабуылдап, оның ұялы телефонын күшпен тартып алған.
"Бұрын хабарланғандай, бұл қылмысты ашу мақсатында тез арада тергеу-жедел тобы құрылды. Біз шабуылдаушының жеке басын тез анықтадық, оны ұстау үшін біраз уақыт қажет болды. Бүгін оны біздің бөлімнің қызметкерлері қалалық криминалдық полицияның көмегімен ұстады. Бұл – 2003 жылы туған К.есімді ер адам. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, ұялы телефонның сатылып кеткенін айтты. Қазіргі уақытта, заттай айғақтың қайда екенін анықтау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде" , – деді Алмалы аудандық ПБ-ның бастығы Есен Ысқақов.
Полицияның хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде