Алматылық жігіт 7 жасар қызды қорлады деген күдікпен ұсталды

Primary tabs

Сәу 21, 2021 / 0 комментарии

Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны 7 жасар қызды қорлады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін күндізгі уақытта шамамен 13.00-де қаланың Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлер орналасқан шағын аудандардың бірінде болған.

"Жеті жасар қыз дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Оның артынан ер адам кіреберіске кіріп, баланы қолына көтеріп, төмен қарай баспалдақпен алып түскен. Содан кейін белгісіз адам кішкентай қызбен бірге кіреберістің бұрышына қарай кеткен, ол аймақ бейнекамераның көрінісіне енбейді. Сол жерде оның қызды шешіндіріп, тиісе бастағаны анықталды. Бала қашып үлгерген.

Ол үйіне жүгіріп барып, болған жағдай туралы анасына айтып берді, анасы өз кезегінде дабыл қақты. Оның полицияға жедел жүгінуі қылмысты "ізін суытпай" ашуға көмектесті", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов. 

Күдікті қазір қамауда отыр. Ол 2002 жылы туған азамат болып шыққан. Сонымен қатар оның оқиға болған ауданда әрі ақыл-есі кем деп есепте тұратыны анықталды. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.