Алматы облысында "Еңбек" бағдарламасы қалай іске асуда?

Primary tabs

Шлд 27, 2020 / 0 комментарии

Ағымдағы жылы Алматы облысы бойынша 46 116 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жаңа кәсіпорындарды ашу, шағын бизнесті дамыту есебінен 28 645 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 11 092 тұрақты жұмыс орны болды.

Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 18,2 млрд теңге бөлінді. Бірінші бағыт бойынша кәсіптік оқытуға 4040 адамға 2281,1 млн теңге бөлінді.

Оның ішінде тегін кәсіптік техникалық білім алуға 1535 адамға 1703 млн теңге, қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға 2505 адамға 578,1 млн теңге қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қысқа мерзімді оқытуға 881 адам жіберілді.

Екінші бағыт бойынша 5695,6 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 1094 әлеуетті қатысушыға шағын несие беруге 4791,3 млн теңге, қалалар мен ауылдарда шағын несиелерге кепілдік беруге 90 млн теңге, шағын қаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға 10 млн теңге бағытталды.

Бүгінгі күні ауылдарда 857,6 млн теңге сомасына 210 шағын несие берілді, қалаларда 2019 жылғы қаражат есебінен 97,5 млн теңге сомасына 9 адам шағын несие алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2900 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған, бүгінгі күні 1217 адам жіберілді.

Сондай-ақ, 1645 адамға жалпы сомасы 804,3 млн теңгеге жаңа бизнес-идеяларды дамытуға мемлекеттік гранттар беру жоспарланған. Бүгінгі күні 247,4 млн теңге сомасына 462 грант берілді.

Үшінші бағыт бойынша 10,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1078 адамға 240,7 млн теңге бөлінді, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегә мәліме бойынша 1181 адам бағытталды, жастар тәжірибесіне 1912 түлек үшін 760,3 млн теңге бағытталды, 780 түлек жіберілді, қоғамдық жұмыстарға 27774 адам үшін 9173 млн теңге бағытталды, 13633 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.

дереккөз: https://egemen.kz/article/243295-elimizde-enhbek-baghdarlamasy-qalay-isk...