Алматы облысында жан сақтау бөлімінің меңгерушісі тапшы дәрілерді сатқан
Primary tabs
Алматы облысы аудандарының біріндегі аурухананың жан сақтау бөлімінің меңгерушісі халыққа тапшы дәріні сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Kaskelenkz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат түскеннен кейін дәрігер Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды. Жеке тексеру барысында Севофлуран, Цефтриаксон, Меобактрин, Альбунорм, Неоцитотект, Октагам, Архимакс, Меропенем, Годовист және Пропофол сияқты 90 шиша дәрі алынды. Сонымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен қаражаты 1 млн 370 мың теңге болғаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.