Алматы облысында жасөспірім мен кішкентай қыз суға батып кетті

Primary tabs

Шлд 04, 2021 / 0 комментарии

Екі күнде Алматы маңында екі бала суға батып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады 

Бірінші жағдай Іле ауданындағы Қозөзен ауылының маңында болды. 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Екінші жағдай Қапшағайда орын алды. Үлкендердің қарауынсыз қалған бес жасар қыз суға батып кетті. Қайғылы жағдай жүзуге рұқсат етілмеген жағажайларда болды, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаменті.

Шомылу маусымы басталғалы бері Алматы облысында 10 адам суға батып кетті, оның үшеуі балалар. Құтқарушылар азаматтардан жағажайда балаларды бақылап судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.