Алматы облысында оқушылар қайтадан қашықтан оқу форматына көшіріледі

Primary tabs

Сәу 17, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжат Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды. 

Жаңа қаулыға сәйкес, өңірде дәстүрлі форматта оқыту тоқтатылады. Оқушылар қайтадан қашықтан оқитын болады. Офлайн режимде тек интернет мәселесі бар шалғай аудандарда тұратын балалар ғана оқи алады. Бұл ретте сыныптағы оқушылардың саны 25-тен аспау қажет әрі маска режимі мен әлеуметтік арақашықтық талабы сақталуы тиіс. Дегенмен өңірде оқушылардың білімін бағалау бойынша республикалық олимпиадалар өткізуге рұқсат етілген. Олимпиада тапсырмасын орындау кезінде бір сыныпта 15 адамнан артық болмау керек және балалар шахмат тәртібі бойынша отырғызылуы қажет. Оқушылар маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Қаулы 19 сәуірден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен сілтеме арқылы танысуға болады. 

Айта кетсек, бұған дейін Атырау облысында 17 сәуірден бастап карантин талаптары күшейтілетінін жазған едік. Құжатқа сәйкес, техникалық және кәсіби, мектептен кейінгі білім беру мекемелерінде, сондай-ақ жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру мекемелерінде офлайн режимде оқуға тыйым салынады. Осылайша аталған нысандардағы оқу тек онлайн форматта өтеді. Жалпы бала саны 300-ге дейін және әр сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын қала және ауыл мектептері дәстүрлі форматта оқи береді.