Алматы облысының жолдарында "Көкпар" ойынын ойнағандар жауапкершілікке тартылды

Primary tabs

Нау 04, 2020 / 0 комментарии

Алматы облысының полицейлері фото немесе бейнетүсірілімде тіркелген құқық бұзушылық деректерін анықтау және алдын алу үшін әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Естеріңізге сала кетейік, мұндай бейнелердің бірі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бетінде кеңінен тараған болатын. Бейнетүсірілімде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округінің жол бөлігінде 20-25 адамнан тұратын бір топ адам рұқсатсыз "Көкпар" ойынын ұйымдастырған. Көктебі және Рахат ауылдық округтерінің тұрғындары арасында "Көкпар" ұлттық ойыны өткендігі анықталды. Іс- шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір бөлігі ойынды жол бөлігінде жалғастырғандығы белгілі болды. Аталған заңға қайшы әрекеттердің жолын патрульдік полиция экипаждары дер кезінде кесті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз өткізілгендігін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта «Көкпар» ойнын ұйымдастырған 1998,1997,2000,1992 жылғы Алматы облысы Рахат ауылының тұрғындары ұсталды . Олар ҚР ӘҚБтК- нің 434- бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған ұлттық ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де азаматтар анықталуда. __ Полиция Алматинской области: зачинщики «Кокпар» на дорогах привлечены к ответственности Полицейские Алматинской области ведут постоянный мониторинг социальных сетей, в том числе на предмет выявления и современного пресечения фактов зафиксированных на фото или видео правонарушений. Напомним, одно из таких видео появилось на страничках соцсетей и раскручиваемых мессенджеров, когда группа людей в количестве 20-25 человек несанкционированно организовали «Кокпар» прямо на проезжей части Рахатского сельского округа Енбекшиказахского района Алматинской области. Как выяснилось, между жителями Коктебинского и Рахатского сельского округа состоялась национальная игра «Кокпар». Затем после окончания мероприятия часть участников продолжили игру уже на проезжей части. Эти противоправные действия были вовремя пресечены экипажами патрульной полиции. При этом, заметим, что народные игры были проведены без согласования с местными исполнительными органами. В настоящее время задержаны четверо организаторов скачек - гр. Д., 1988 г.р. и гр. А., 1997 г.р., гр. К. 2000 г.р., гр. А., 1992 г.р. жители села Рахат Алматинской области. Они привлечены к административной ответственности по статье 434 ч. 1 КРКобАП «мелкое хулиганство». Остальные лица, принявшие участие в организации и проведения указанной национальной игры «Кокпар», устанавливаются. Пресс-служба ДП Алматинской области