Алматы облысының полицейлері тұрғындарға мас күйде қоғамдық орында болудың жауапкершілігін түсіндірді

Primary tabs

Нау 16, 2021 / 0 комментарии

Кербұлақ ауданының полицейлері тұрғындар арасында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес алкогольдік ішімдіктерді ішудің немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 440-бабына сәйкес алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу әкімшілік жауапкершілікті қарастыратыны ескертілді. Бұл құқық бұзушылық үшін айыппұл салынады, дегенмен бір жыл ішінде қайталанса, бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы да көзделген,- деді Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы Ербол Ахметқалиев.

Ауданның бас полицейінің таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары жыл басынан бері қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 33 адамды жауапкершілікке тартқан. Құқық бұзған тұрғындарға хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Сонымен қатар, полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын атап өтті. Ол үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

– Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім құқық бұзса, оның ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар жауапқа тартылатынын естен шығармаған абзал. Ал құқық бұзушылық қайта тіркелсе, жауапкершілік екі есе артып, әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін, – деп толықтырды Ербол Ахметқалиев.