Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлері Қарасай ауданында рұқсат құжаттарсыз алкоголь өнімін өндіру дерегін анықтады.

Primary tabs

Мау 27, 2021 / 0 комментарии

Тексеру барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар көлемі 0,5 литр 13,5 мың бөтелке «Наша водка» маркалы ішімдік табылды.

 Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 ҚМА көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау, сол сияқты пайдалану немесе өткізу үшін екі жылға дейін бас бостандығын шектеу/айырумен қылмыстық жауапкершілік орнатылғанын еске салады.