Алтын орда азық-түлік карантин

"Алтын ордада" азық-түлік толып тұр

Нау 29, 2020 / 0 комментарии

Кәсіпкерлер "Алтын орда" базарынан азық-түлікті еш кедергісіз алып шығып жатыр, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. 

29 наурызда Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі "Алтын орда" базарына арнайы келіп, сауда орны аумағында журналистерге пресс-тур өткізді. Ондағы мақсат - халық арасындағы таяуда азық-түлік таусылатыны туралы қауесетті жойып, тауар бағасын негізсіз көтеріп отырғандардың жолын кесу.