"Алтын орда" мен "Магнумға" көкөніс қайдан келеді?

Primary tabs

Қыр 15, 2021 / 0 комментарии

Жылдағы науқан. Шеңгелді ауылының шаруагерлері өз өнімдерін жинап, қамбаларына салуда. Соған орай, биылғы жыл диханшылар үшін ауа -райы да көмегін беріп, қолайлы болып тұр. Науқан жылдағыдан осы жылы ертерек басталды. Кейбір шаруа қожалықтары егістігінің ерекшелігіне қарай,  жинын-терінді енді бастап жатса, енді бірі дақылдарын жинапта үлгеріп жатыр.

  Қапшағай өңірінің ұзақ жылдан бері осы саламен айналысым жүрген шаруалары өнім көлемін арттырып, тұқым түрлерін ірілендіруге көбірек мән беріп келеді. Олардың ішінде «Етекбаев» шаруақожалығы да бар. Қожалықтың бұл жолда жұмыс жасап жатқанына 20 жылға жуықтаған.  Қарамағында тұрақты жергілікті ауылдың 8 адамы еңбек етеді. Шаруашылық иесі Нұрлан Етекбаевтың айтуынша, озық технологияның жоқ заманында, жұмысшы қатары көп болған. Кейін елімізде автоматтандырылған дәуір туғансын еңбек күші азайып, бәрі техниканың күшіне жүктелген. Қазір осы заманауи үрдіспен іс жүргізіп келеміз дейді.

Бүгінде 140 гектар жердің 70 га-на дәнді жүгері, 27га-на қант қызылшасы, 15га-ға бас пияз, қалған 8 гектарына жеміс-жидектер себілген. Ағымдағы жылы да былтырғыдай пиязды гектарына 600 центнер (40 тонна) алуға үмітті. Сол секілді осы жылы дәнді-дақылдар түрін молайтып отырған жүгеріден де жақсы нәтиже болатынына сенімді. Тамшылатып суғару жүйесімен өнім алып жүрген қожалық мемлекет қолдауында сезініп жатқандарын жасырмады. Ол суға, жанар-жағармайға, жүгері, қызылшаға субсидия беріліп тұрады екен. Онымен қоса, терілген өнім Алматы облысынан бөлек, Қапшағайды санамағанда Алматының сауда нүктелеріне (Алтын Орда, Магнум, Метро, Агромарт) жөнелтіліп отырады. Сонымен бірге, ТМД мемлекеттеріне, одан қала берді еуропа елдеріне де экспортқа шығарылып тұратын көрінеді. Қазір барлық өнім түрлері сыйымдылығы 300 тонна болатын қоймаға жиналып, қысқы қам жасалуда. Қожалық техникалық бірліктенде кенде емес (8 техника), қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, соған қарай жұмыста ойдағыдай жүргізіліп келеді. 

Тағы бір қуантарлығы «Етекбаев» шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Етекбаев қайырымдылық ісімен қоса шұғылданады. Бұл жағын айтпасаңызда болады деп қысылған азамат, қамқорлық жария қылмай жасайтын іс деп білемін деді. Расымен де игілікті іс атқару- жомарттық пен кеңдіктің, жүректегі иманның нұрлылығымен жүзеге асатын іс. Жалпы, аймақта 13666 гектар егістік жері игерілген. Соның 4917 - дәнді дақыл, – 3941 гектар жаздық арпа, 976 гектар дәндік жүгері, 3437 га майлы дақыл, 400 гектары картоп, 1831 гектары көкөніс, 250 гектары бақша дақылы, 600 гектары қант қызылшасы және 2231 гектары мал азығы. Қапшағай қаласы бойынша бақша дақылдарын жинау аяқталған. Оның өнімділігі 260 ц/га-на құрады. 400 гектар картоптан 219 ц/га өнім жиналса, ал көкөністердің 1200 гектары терілген. Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге 150тонна жанар-жағармай бөлініп, оның литрін 180 теңге арзандатылған бағамен алу қарастырылды.