Анықтама алудың оңай жолын біліңіз!
Primary tabs
Достар, егер мемлекеттік бағдарламаларға қатысу не банктен баспанаға қатысты қызметтерді алу үшін жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама қажет болса, оны онлайн алудың жолын оқып, ойға тоқи жүріңіз
Тұрғындар арасында сұранысқа ие анықтаманы egov.kz порталы, egovkzbot 2.0 телеграм-боты және FB мен VK мэссенджерлері арқылы алуға болады.
Ол үшін электронды үкімет порталынан немесе боттан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiгінің болмауы (болуы) туралы анықтама беру» қызметін таңдайсыз.
1. ЭЦҚ-мен онлайн сұрау жасап, анықтаманы кімге сұрататыныңызды белгілесіз.
2. Аймақты таңдайсыз.
3. Дайын анықтама сіздің жеке кабинетіңізге келіп түседі!