Апатты жағдайдағы газ трубалары жөнделді

Primary tabs

Қаң 14, 2020 / 0 комментарии

Жаңашамалған ауылдық округінің тұрғындары газ трубаларының апатты жағдайда тұрғаны жайлы дабыл қақты деп хабарлайды, Kaskelenkz тілшісі.

Жаңашамалған ауылы, Жансүгіров көшесінде газ трубалары мен бағандары қисайып кеткен деп хат жолдады тұрғындар. «АлматыГазсервисХолдинг» АҚ-на хабарласқанымен тиісті мамандар тек акт толтырумен шектелді деп шағымданды көпшілік.

Әсіресе, 9 қаңтарда Қаскелең қаласында болған жарылыстан кейін халықтың үрейі ұшқан.

Kaskelenkz ауыл тұрғындарының өтінішіне бей-жай қалдыра алмады. Келеңсіз жайт бірден @Kaskelenkz инстапарақшасында жарияланды. Бір қызығы жаңашамалғандықтар айлап жөндете алмаған газ бағаналары бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілді.