Апат айтып келмейді: Шамалған ауылында көпбалалы отбасының үйінен өрт шықты

Primary tabs

Сәу 14, 2021 / 0 комментарии

Қарасай ауданы, Шамалған ауылында таңғы 7:30-08:00 шамасында көпбалалы отбасының үйінен өрт шықты деп хабарлайды Kaskelen.kz. Жарақат алғандар немесе зардап шеккендер жоқ, бірақ, отбасында 13 адам тұратын үйдің шатыры өртеніп кеткен.Өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, өртті сөндіргенінің арқасында балаларым аман қалды дейді көпбалалы ана.

"Өрт таңертең 8 дер шамасында басталды.Ол уақытта барлығы ұйықтап жатқан еді.Мен бірінші оянып, есікті ашсам, өрт шығып, жанып жатыр.Өзіміз өшіре алмадық. Балаларымды өрттен алып шығуға тырыстым. Өрт сөндірушілер де уақытында келіп, өртті 3 сағаттай өшірді.Қорқып қалдық"-, дейді алты бірдей баланың анасы.

Өрттің шығу себебі тоқ сымдарының дұрыс тартылмауынан болған көрінеді.Көпбалалы отбасы тоқ сымдарын тартуға кәсіби мамандарды шақырмай, таныстарына жасатқан көрінеді.

Бұл жағдайды естей салысымен әкімдік өкілі оқиға орынына келіп, жағдаймен танысып, әкімшілік тарапынан көмектің берілетіндігін айтты.

Отбасы мүшелері бұл өрт бірінші рет болып жатпағанын, бұған дейін де бір рет қайталанғандығын және келешекте қайтдан қайталануы мүмкін екендігін айтып, әкімшіліктен көмек сұрады.