Атыраулық мұнайшылар бес жұп аққуды құтқарып қалды

Primary tabs

Сәу 14, 2021 / 0 комментарии

13 сәуірде әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданының Қошқар кен орнындағы мұнайлы сорда тұрып қалған ақ аққулар туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар, жергілікті мұнайшылардың осы құстарға көмек көрсеткені туралы фото және бейнежазба да тарады. 

Видеоның бірінде кадр сыртындағы дауыс "Тұздан қанаттары жабысып қалған аққулар ұша алмай тұр. Лугзана, оларды сіз алып кетіңіз" дейді. Көп ұзамай "Ақ Жайық" басылымы белгілі зоотехник-волонтер Лугзана Байлауоваға хабарласқан. Оның айтуынша, бұрғылаушылардың бірі оған аққулар туралы хабарлап, оларды құтқаруды өтінген екен.

"Мен бүгін сол жерге барып, бұл туралы әлеуметтік желіде жаздым. Олар түнде судың қандай екені көрінбейтін кезде ұшып келген шығар. Түні бойы лас тұзды суда болып, содан зардап шеккен шығар. Жұмысшылар оларды көріп, бірден шығарып алып, су берген. Қазір аққуларға оңалу керек және таза өзен суы қажет. Алдымен жұмысшылар 2 аққуды көрген, кейін тағы 3, сосын одан да көбейген. Барлығы 12 аққу табылды, бірақ, өкінішке қарай, екеуі опат болды. Қалғандары - бес жұп, аналық және аталық аққулар",- дейді Лугзана.