Аудан әкімі шамалғандықтар алдында есеп берді

Primary tabs

Қаң 18, 2020 / 0 комментарии

17 ақпанда Қарасай ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру жиындары басталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Биыл әкімдердің бұл басқосуы жаңа форматта болмақ. Аудан басшысы Жандарбек Далабаевтың халық алдындағы алғашқы есебі Шамалған ауылдық округінде өтті.  Бұл күні жергілікті тұрғындар Үшқоңыр мектеп-гимназиясына жиналды. Бас қосуға Алматы облыстық   мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының орынбасары Илияс Шайнусипов қатысып отырды. Алдымен халық алдында аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы мінбеге шығып, 2019 жылы атқарылған жұмыстарды ретімен баяндады. Көпшілік ауданымыздың әр саладағы жетістіктеріне көз жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі Ержас Тоқтасынов  басшылық ететін Шамалған округіне де тоқталып, қол жеткізген табыстарды тілге тиек етті. Әрине, қоғам болған соң, шешімін күтетін әлеуметтік мәселелер де жоқ емес. Жолдарды жөндеу, ауыз су мен жарық бағаналарын жүргізу сияқты мәселелерді тұрғындар алқалы басқосуда құлаққағыс етті. Ал, биыл Шамалғандағы мәдениет үйі жабдықталып, саябақ салынбақ.

Жиынның толық нұсқасын ютубарнамыздан көре аласыздар.