Ауылдағы футболды дамыту мақсатында
Primary tabs
21 мамыр күні Алматы облысы, Абай ауылындағы “Ауыл футбол” базасында Sun Finance холдингімен бірлерскен ауылдық балалар футболын қолдауға бағытталған жобаның тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Тұсаукесер барысында Sun Finance өкілдері “Ауыл футбол” жобасын дамытуға бағытталған 5 миллион тенге көлеміндегі сертификат ұсынды. Бөлінген қаржы 5 облыста (Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола және Түркістан облыстары) “Sun Finance Cup”- тың 5 турнирін өткізуге бағытталады. Турнирлерге 30-ға жуық ауылдық командалар қатысады. Сонымен қатар 20 ауылдық балалар футбол клубтарына материалдық көмек (доптар және спорттық саймандар) беріледі, және “Футбол Уик-Энді” аясындағы жаттықтырушыларға арналған семинарлар ұйымдастырылады.
“Бізге жобаның ауылдағы балалар спортын дамыту идеясы ұнады. Біз үшін әлеуметтік тұрғыда бұл жобаға қатысу өте маңызды. “Ауыл футбол” спортты насихаттайды, бұл өз кезегінде бала тәрбиесінің маңызды қыры болып табылады. Біз осындай іске атсалысуға қуаныштымыз” - деп айтты Sun Finance Group-тың Орталық Азиядағы хабының бас директоры Виталий Нижегородцев.
Бүгінгі таңда “Ауыл футбол” жобасына 30 шақты ауылдық командалар қатысуда. Бүгінгі тұсаукесерге Алматы облысы, Райымбек ауылының “Red Sapsans” командасы қатысты. Сертификат тапсыру рәсімінен кейін іс-шара қонақтары “Red Sapsans” командасымен матч ойнады. Матч 2:2 тең есебімен аяқталды. Клубқа барлық балалар тегін қатысып жатқанын айта кеткен жөн.
“Балалар үшін турнирларда тәжірибе жинау маңызды, сол себептен біз демеушілік көмектің негізгі бөлігін турнирлерді ұйымдастыруға бағыттауды шештік. Біз Sun Finance Group-қа көрсетілген қолдау үшін алғысымызды білдіреміз, биыл олар біздің ең ірі демеушіміз болды” - деп айтты “Ауыл Футбол” жобасының жетекшісі, журналист Серік Мәмбетов.
Жоба қонақтарының арасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты Ирина Смирнова болды.
“Мен “Ауыл футбол” жобасын біраз уақыт бойы бақылап келемін және оған үлкен құрметпен қараймын. Мемлекет спорттың дамуына үлкен қаржы бөлуде, алайда қаржы осыған ұқсас бұқаралық спортты дамытуға арналған жобаларға жетпей жатады”, - деп айтты депутат.
“Біздің жоба мемлекеттен қаржы алмайды, сол себептен көмекті кәсіпкерлер мен қолдау көрсетуге дайын отандастарымыздан сұраймыз. Sun Finance компаниясының арқасында балалар тәжірибе жинайды, ұтуды және ұтылуды үйренеді, жаңа спорттық саймандар алады, ал жаттықтырушылар біліктілігін арттырады. Бірлескен жоба биылғы жылға жоспарланған”, - деп қорытындылады С.Мәмбетов.