Африкада "қара жорға" билеген қазақстандықтар көпшілікті тәнті етті

Primary tabs

Мамыр 26, 2021 / 0 комментарии

Африка елдеріне көмектесіп жүрген қазақстандық еріктілер «қара жорға» биін билеп, көпті тәнті етті деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
⠀
Африкада еріктілер қатарында жергілікті халыққа көмектесіп жүрген қазақ жастары желіде көңіл көтерерлік ерекше видео бөлісті. Онда олар «қара жорға» биін билейді.
⠀
Қазақстандықтардың биіне басқа елдерден барған еріктілер мен жергілікті тұрғындар да қосыла кетті. Африкалықтар өздеріне бейтаныс бидің қимылын қазақтардан қалыспай қайталауда.