Аяжан Еділованың өлімі: күдіктінің ауылдыстары шындықты жайып салды

Primary tabs

Сәу 01, 2021 / 0 комментарии

Аяжан Еділованы өлтірді деп күдікке ілінген ер адам Түркістан облысының Жаушықұм ауылында тұрған. Елді мекендегі көршілері оның кішкентайынан ұяң болып өскенін айтады деп хабарлайды Kaskelen.kz 31 арнаға сілтеме жасай отырып.
Телеарна мәліметінше, он тоғыз жастағы Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деп күдікке ілінген азамат Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылында өскен.
Ауылдың баласы қамалды дегенді естіген көршілері жағдайға таңырқай қарайды.
Туыстай боп кеттік деген көршісі Бөрібек Биқожаев оның ұяң бала болғанын жеткізді.
Ауыра қалса, анасы дәрі салдыруға мейірбике бар деп, көршілерге әкеледі екен. Сонда ине салдыру үшін жамбасын көрсетуге ұялатын еді дейді, ауылдасы.
"Келіншек аласың ба десең, кәдімгідей қызыраңдап шығып кететін еді. Өзі оқитын балалардан үйіне екі-үш қана бала келетін. Басқа ешкім келіп, артық жүріс деген о балада мүлде болмаған", - дейді Бөрібек Биқожаев.

Тағы бір көршісі күдіктінің тәртібі жақсы болғанын сөз еді.
"Жақсы оқитын балалар еді. Ата-анасы да жақсы тұғын. Екеуі де мұғалім", - деді Жаушықұм ауылының тұрғыны.