Ақтөбеде интернет арқылы психотроптық заттарды сатқан күдіктілер ұсталды

Primary tabs

Нау 09, 2022 / 0 комментарии

Ақтөбеде ҰҚК интернет арқылы психотроптық заттарды сатты деген күдікпен төрт адамды ұстады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Ұстау кезінде олардың екеуінен 1,7 келіден астам психотроптық «мефедрон» және «α-ПВП», тағы екеуінен 2,8 келі синтетикалық есірткі табылды.

 

«Осымен бірге 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматыдан Өскеменге есірткі тасымалдады деген күдікпен азамат ұсталды. Заңсыз айналымнан 1,2 кг психотроптық заттар тәркіленді. Қара нарықта тәркіленген есірткінің алдын ала құны 114 миллион теңгеден асады», - деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.