Ақтөбелік мұғалім өз туысын өлтірген бе?
Primary tabs
Әлеуметтік желіде жазда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында өз туысын өлтіріп, денесін ауладағы сарайда сақтаған мұғалім келіншек туралы ақпарат тарады.
Kaskelenkz дерегінше, желіде аула мен үйден, келіншектің өзінен шыққан жағымсыз иіс көршілердің күдігін тудыра бастағаны да айтылады. Оқиға орнына келген полицейлер оны ұстаған. Ол уақытта әйел мәйітті бөлшектеп, үлкен сөмкеге тығып үлгерген.
Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қысқа жауап қайырды.
"Махамбет ауданы Таңдай ауылында 82 жастағы ер адамның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- деді ПД баспасөз қызметі.Полиция әлеуметтік желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде ұры өзгенің үйіне кіріп, екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып, тонап кеткенін жазған едік.