Ақтөбе облысында үш жасар бала ауладағы көліктің ішінде тірідей жанып кетті

Primary tabs

Мау 16, 2021 / 0 комментарии

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында ағайынды екі бала көліктің ішінде ойнап отырған сәтте темір тұлпар жанып кетті. Өртенген көліктен 7 жастағы бала шығып үлгерген. Үш жасар бүлдіршін жалын ішінде қалды 

Қайғылы оқиға 16 маусым күні Әйтеке би ауданы Еңбек ту кентінде тіркелді. Екі бала үй ауласында тұрған "Ваз 2106" автокөлігінің салонында ойнап отырғанда белгісіз себептен өрт шыққан. Салоннан 7 жастағы бала ғана шығып үлгеріп, інісі өртенген көлікте қалыпты. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр. Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына  жасөспірімге деген бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.

"Балалардың ойнауы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Ұлдарымыз бен қыздарымызды қайғыдан сақтайтын қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтайық", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кеткенін жазған болатынбыз. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кеше, 25 мамыр күні күндіз Райымбек даңғылының бойында болған.

"Апат салдарынан 1992 жылғы Volkswagen Passat автокөлігі өртеніп кетті", - делінген министрліктің хабарламасында. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды 5 минутта ауыздықтаған. Құтқарушылар автокөлік жүргізушілеріне мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларында автомобильдердің электр жабдықтарына қызмет көрсету керектігін және әрқашан жұмыс істейтін өрт сөндіргіштері болуы керек екенін еске салады.