Баспаналы болам десеңіз...

Primary tabs

Шлд 05, 2019 / 0 комментарии

«Қарлығаш» тұрғын үй кешені аудан орталығы Қаскелең қаласында орналасқан. 2016 жылы қолданысқа берілген үйлерден бүгінгі күні 200-ден астам отбасы баспаналы болған.

Осыдан үш жыл бұрын бой көтерген «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінде қазіргі уақытта 7 қабатты  3 үй қолданысқа берілген. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер  бар. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, «Қарлығаш» тұрғын үй  кешенінің сату бөліміне келсеңіз, арнайы мамандар сіздерге бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.

Мұндағы пәтерлерді қолма қол қаражатқа сатып алуға болады. Баспана  құны - 1 шаршы метрге  210 мың теңгеден басталады. Пәтер көлемі 42,4 шаршы метрден бастап 87,9 шаршы метрге дейін. Сонымен қатар  сіз аталған кешеннен серіктес банктер арқылы ипотекалық несие алып, үйлі бола аласыз. Және де  7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы арқылы да баспаналы болу мүмкіндігі бар.

Ал жуық арада 7 қабатты 50 пәтерлік үй, және осы жылдың соңына қарай тағы бір 9 қабатты үй қолданысқа берілмек.   9 қабатты төрт үйдің бірінші қабаттары толықтай коммерциялық мақсаттарға беріледі деп жоспарлануда.  Қазір кешен аумағындағы үйлердің  құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың қауіпсіздігі де басты назарға алынған,  әр подъезде бейнекамера орнатылған. Және кешеннің кіре берісінде өткізу пункті іске қосылған.

Сонымен қатар, 2018 жылы тұрғын үй кешенінің жанынан «Қарлығаш» балабақшасы ашылып, жұмыс жасауда.

Болашақта тұрғындардың жайлы әрі көрікті мекеніне айналатын бұл кешенде медициналық пункт, полиция бекеті, көлік жөндеу және  көлік жуу орталығы, дүкендер іске қосылмақ. Және де жақын жерден мектеп салынады деп күтілуде.

Сондай-ақ аталған кешеннің сату бөлімі түрлі акциялар да ұйымдастырып тұрады.

 

Аталған тұрғын үй кешенін салып жатқан компания туралы айтар болсақ, ол  «Фирма Еламан» ЖШС. Бұл құрылыс компаниясы 2001 жылдан бері Алматы облысы бойынша  20-ға жуық нысанды салып қолданысқа берілген. Ол құрылыс нысандарының қатарында мектептер, тұрғын үй кешендері, мәдени, әкімшілік ғимараттар да бар. Тағы бір айта кетерлігі, ауданымызға қарасты Алмалыбақ ауылында орналасқан мемлекеттік архивтің ғимаратын да осы құрылыс компаниясы көтерген. Аталған «Фирма Еламан» компаниясының басшылығы мұқтаж жандарға үнемі қайырымдылық та жасап тұрады. Оның айқын дәлелі, осы жылдың наурыз айында серіктестіктің директоры Ерғали Миразов көпбалалы әрі үшем тәрбиелеп отырған отбасына үш бөлмелі пәтер сыйлаған болатын.