Бастапқы әскери дайындық қағидаларына өзгерістер енгізіледі

Primary tabs

Қзн 13, 2020 / 0 комментарии

«Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

4-тармақ мынадай редакцияда: «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттардың негізінде жүргізіледі» деп жазылған. Бұдан бұрын сабақтар Қазақстан Республикасы Үкімет 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар негізінде жүргізілген болатын.

8-тармақтың жаңа редакциясында білім беру ұйымдарында оқу бағдарламасы бойынша толық курсты аяқтаған оқитындардың тізімдері курс аяқталысымен тізімдерін жіберу мерзімі анықталады. Жасөспірімдердің қорытынды бағалары бар тізімдер тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органына 1 маусымға дейін жолданылуы тиіс.

11-тармаққа келесі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:

 -3-тармақшада «ішкі істер саласындағы уәкілетті органнан» «төтенше жағдайлар жөніндегі салада уәкілетті органына» өзгертілді;

- 8 тармақшаның 11-абзацы келісі мәліметпен: «оқу кезеңі (тоқсан) аяқталысымен бастапқы әскери дайындықтың, сондай-ақ жастармен патриоттық жұмыстың ахуалы туралы есеп жергілікті әскери басқару органдарына және білім беру ұйымдарына бағынысы бойынша ұсынылады» деп айтылған.

Одан бөлек, құжаттың жобасымен 5-тармақ жойылды.

Бұйрық жобасына толық мәтінімен интернет-порталына ашық нормативтік құқықытық актілерімен танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5088324