БАҚ: Алматыдағы тұрғын үй кешенінде оқ жаудырған ер адам терезеден секіріп кетті
Primary tabs
Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде оқ жаудырған ер адам терезеден секіріп кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан Telegram-каналы хабарлайды. Ер адам жасырынған пәтердің терезесінен түтін шығып жатыр, пәтер өртеніп жатқаны хабарланды. Осы уақытта Qumash Telegram-каналының хабарлауынша, секірер алдында ер адам "Аллаһу әкбар" деп айқайлаған. Пәтердің 17-ші қабатта орналасқандығы атап өтілді. Zakon.kz нақтылағандай, ер адам терезеден секірместен бұрын, мылтықпен қоса, тапаншадан оқ атылғаны естілген. "За нами уже выехали" Telegram-каналы оқиға орнынан түсірілген жантүршігерлік фотомен бөлісті. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатқаны хабарланды. Еске салсақ, 24 сәуір күні түстен кейін Алматыдағы "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің күзетшісіне белгісіз ер адам оқ жаудырған еді. Күдікті артынша пәтерінде жасырынып, полицейлер оны қоршауға алған.
Қарулы адам полицейлермен келіссөз жүргізуден бас тартқаны белгілі болып отыр. Сонымен бірге, полицияның айтуынша, ол кіреберіске қарай 10-нан астам оқ атқан. Сол арада Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде күзетшіге жасалған шабуылдың сәтінен видео желіде пайда болды. Зардап шегушіге келетін болсақ, полиция оның жағдайы туралы айтты. "Зардап шегуші жансақтау бөлімінде, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.