Бекболаттағы мектеп жөнделіп, амбулатория салынады

Primary tabs

Қаң 20, 2021 / 0 комментарии

Бекболаттағы мектеп жөнделіп, амбулатория салынады, деп хабарлайды kaskelenkz.

2021 жыл біріншімайлықтар үшін жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Бұл туралы аудан әкімі Ж.Далабаев өз парақшасында жазды.
"Нақтырақ айтқанда, округ тұрғындарын біраз уақыт мазалаған мәселелері шешіліп, биыл Бекболат ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салынып, мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, өткен жылы бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп, Бекболат пен Қайнар ауылдарындағы ауыз су жүйелеріне толықтай жөндеу жұмыстары өткізіліп, су мен кәріз мәселесі де биыл өз шешімін табатын болады. Біріншімайлықтарды, әсіресе, қайнарлықтарды қуантатын тағы бір жаңалық 2021 жылы округтегі балаларға арнап жазғы алаң ашылуы. Сонымен қатар, Амангелді, Бейбітшілік, Абай сияқты бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары өткізіліп, асфальтталатын болады. Осы және тағы да басқа жаңалықтар жайлы мен бүгінгі біріншімайлықтармен онлайн режимде өткізген үшінші есептік кездесуімде айтып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бердім" - деді әкім өз жазбасында.
Өзге де мәселелер бойынша округ әкімі Елдос Мұқатаев пен жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілген.

АЛ, ҚУАНЫҢЫЗДАР БЕКБОЛАТТЫҚТАР!