Белгілі миллиардер коронавирустан қайтыс болды

Primary tabs

Мау 27, 2021 / 0 комментарии

Ресейлік миллиардер және "Стройлесбанктің" қожайындарының бірі Олег Бурлаков 72 жасында коронавирустан көз жұмды деп хабарлайды Lenta.ru. 

"Бурлаков соңғы жылдары Монакода тұрған. Ол 23 маусым күні көз жұмды. Өлер алдында Мәскеуге аз уақытқа келіп кеткен. Оның қазасы туралы жақындары мен туыстары ешқандай ақпарат берген жоқ", деп жазады басылым.

Олег Бурлаков 2021 жылғы мәліметтер бойынша Ресейдегі ең бай адамдар тізімінде 166-орында тұр. Оның дәулеті 650 миллион долларға бағаланған. Кәсіпкердің активтеріне "Стройлесбанк" үлесі, Terpentin бояу-лак фабрикасы, "Импульс" инвестициялық-құрылыс компаниясы және 106-метрлік Black Pearl яхтасы кіреді.

Олег Бурлаковтың аталған су көлігі The World's Superyacht Awards нұсқасы бойынша люкс желкенді кемесі атағын жеңіп алды. 2018 жылдың қараша айында миллиардер қастандықтан аман қалды. Оның көлігін әлдекімдер атқан.