Британияда қарулы шабуылдан 3 адам қайтыс болды

Primary tabs

Мау 21, 2020 / 0 комментарии

Ұлыбританияның Рединг қаласында қарулы шабуыл болып, 3 адам қаза тапты. Тағы екі азамат жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам саябақта демалып жүрген бір топ кісіге пышақ ала ұмтылған. Осыған байланысты олар оқиға орнына бірден полиция қызметкерлерін шақырыпты.

 Қазір қылмыскер қамауда. Тергеушілер оның мұндай қадамға неліктен барғанын анықтап жатыр. Әзірге оның кім екені белгісіз. Болжам бойынша ол Ливия азаматы болуы мүмкін.
Дереккөз:https://24.kz/ru/