Владимир Зеленский: "Еуропа қазір оянуы керек"

Primary tabs

Нау 04, 2022 / 0 комментарии

Украинадағы Запорожье атом электр станциясында оқ ату салдарынан өрт шықты деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 

 

«Еуропа қазір оянуы керек: Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы өртеніп жатыр», - деді Украина президенті Владимир Зеленский видео үндеуінде.

 

Мемлекет басшысы украиндықтардың атом электр станциясының қауіпсіздігін сақтайтынын және арандатушылық болмас үшін станцияға ешкім жіберілмейтінін, қандайда топтың оны басып алуына жол бермейтінін атап өтті.