Дала өркениеті – бабалар мұрасы

Primary tabs

Ақп 10, 2019 / 0 комментарии

Ұлы даланың жеті қыры бағдарламасы аясында Шамалған ауылындағы Қарасай батыр атындағы орта мектебінде «Дала өркениеті – бабалар мұрасы» атты аудандық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – еліміздің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйене отырып, Ұлы даланың өркениетін, өткені мен бүгінін түйіндеп,   жас ұрпаққа өз Отанының тарихын, мәдениетін насихаттау.

Семинарға аудан көлеміндегі барлық мектептердің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинарға келгендер  алдымен   мектеп іші мен «Шапағат» тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Мұражай меңгерушісі Рымкеш Байқонысова қатысушыларға Елбасы өмірі мен туған аулының   тарихынан  сыр шертетін жәдігерлермен таныстырды.

Салтанатты ашылу рәсмінен кейін алашқы сөз кезегін аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалымов алып,  бұл іс-шараның  маңыздылығына тоқталды. 

Одан кейін семинар жұмысы басталып кетті.  Халқымыздың бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тарихын, салт-дәстүрін жетік білетін, халқын жан-тәнімен сүйетін, Елбасының өмірін өнеге тұтқан үлгілі де өнерлі шәкірттер «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жан-жақты талдады.  Сонымен қатар жас өнерпаздар сахна төрінде өз өнерлерін ортаға салды. 

Мұндай тәрбиелк мәні зор іс-шаралардың өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім дарытып, мол рухани азық беретіні де сөзсіз.

 «Ұды даланың жеті қыры» бағдарламасы аясындағы осындай іс-шаралар алдағы уақытта ауданымыздың барлық мектептерінде жалғасын таппақ.