Дональд Трамптың болашағы қандай болмақ?
Primary tabs
Дональд Трамп президенттік мансаптан кеткенімен, Ақ Үй басшысына тиесілі артықшылықтарын сақтап қалды, деп хабарлайды Kaskelenkz. Бұрынғы президенттер жөнінде 1958 жылы қабылданған Заңға сәйкес ол бірқатар жеңілдіктерге ие болады. Бірақ Трампқа жарияланған импичмент күшіне енсе, ол артықшылықтың бәрінен айырылады. Болашақта Трампты не күтіп тұр? Бұрынғы президенттерге жылына 219 мың доллар мөлшерінде зейнетақы төленеді. Меланья Трамп ажыраспаса, ол да жылына 20 мың доллар алады. АҚШ-тың құпия қызметтері бұрынғы президенттің отбасын өмір бойы күзетуі тиіс. Бұған жылына бір жарым миллиондай доллар жұмсалады.