Дұрыс жабдықталған пеш – қауіпсіздік кепілі
Primary tabs
ТЖ министрлігі азаматтарды пеш жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтауға шақырады. Жылыту пештері мен пештердің түтін шығатын мұржалары, түтіндіктері және басқа да элементтері жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде жылыту пештері үш айда бір рет; үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар екі айда бір рет күйеден тазартылуы тиіс.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Юрий Ильин улы газбен уланудың немесе өрттің алдын алудың қарапайым шараларына тоқталды. Оның айтуынша, жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға болмайды. Сондай-ақ, пеш жағу үшін керосин, бензин, спирт қолданбаңыздар. Саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды пайдалану қауіпті. Ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жөндеп қана жағу керек.