Елордада жаңа туған баласын тұншықтырып өлтірген анаға үкім шығарылды

Primary tabs

Ақп 08, 2021 / 0 комментарии

Нұр-Сұлтанда жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел сот алдында жауап берді. Бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында айыптау үкімі оқылды деп хабарлайды Kaskelen.kz елорда қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Анықталғандай, 2020 жылдың 22 тамызында келіншек пәтерде бала туған. Айыпталушы өзін-өзі жуынатын бөлмеде босандырған. Сол сәтте басқа бөлмеде оның ағасы, жеңгесі мен анасы болыпты.Сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы мен сарапшының айғақтарына сәйкес босанған әйел қорқыныш пен психотравмалық жағдайда болған.Баланы өз бетінше туған ол нәрестені тұншықтырған. Оның іс-әрекеті бойынша Қылмыстық кодекстің 100 бабымен (Анасының өз баласын өлтіруі) іс қозғалған."С. ауырлығы орташа қылмыс жасағанын, істегеніне өкінгенін, сондай-ақ денсаулық жағдайын - 1 деңгейдегі диабет, 140 келіге дейін семіздікті ескеріп, сот оны екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады", - делінген үкімде.Бірақ әлі де үкім күшіне енген жоқ.Естеріңізге сала кетсек, Батыс Қазақстан облысында 19 жасар студент өзінің жаңа туған сәбиін дәретханаға тастағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған еді.