Елордалық ҚХА «Бауырсақ party» акциясын өткізді

Primary tabs

Сәу 01, 2021 / 0 комментарии

Наурыз мерекесі қарсаңында Нұр-сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы «Бауырсақ party» қайырымдылық акциясын өткізді, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.

Іс-шараның мақсаты – елорда тұрғындары мен қонақтарына жағымды көңіл-күй сыйлау.

Ұйымдастырушылар көлікке отырып, қаланың тұрғындары көп жүретін жерлерге барып, ыстық бауырсақтар таратты. Сонымен қатар ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасуновтың бастамасымен жүз отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді.

Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.