Елордалық өрт сөндірушілер көлік жуу орындарының бірінде болған өртті сөндірді

Primary tabs

Қаң 07, 2021 / 0 комментарии

Бүгін, 7 қаңтарда сағат 08: 52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайы бойынша автокөлік жуу орнының ішінде көліктер жанып жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен  9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам  шықты.

Өрт сөндірушілер сағат 08: 59-да келген бойда  "Батыр" көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша 13 жеңіл автокөлік зардап шекті.

slider

Өртті сөндіру автокөлік жуу орны автокөліктермен тығыз толтырылғандықтан  біраз қиынға соқты, бірақ өрт сөндірушілердің жедел және сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт 10 сағат 21 минут ішінде ауыздықталып, 10 сағат 53 минут ішінде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

slider

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД азаматтарға, ТҚС және басқа да кәсіпорындардың иелеріне қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, тұрмыстық техниканы, элетроприборларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтауға, электр сымдарының оқшаулағышы зақымдалған аспаптарды пайдаланбауға сенімді түрде кеңес береді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тырысыңыздар, өзіңізді және мүліктеріңізді қорғаңыздар!