Еліміздегі облыстардың бірінде карантин күшейтілді
Primary tabs
Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантиндік шектеу шаралары күшейтілетіні туралы қаулыны жария етті.
Қаулыға сәйкес, мейрамхана, кафе және кофехана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне жұмыс күндері таңғы жетіден кешкі сегізге дейін үстелдердің арасында кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, толымдығы тек 50 пайызға дейін болған жағдайда әрі орын санын отыздан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілген.
Ал сенбі және жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынған. Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілеріне, оның ішінде банкет залдарына (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету, ас беру) жұмыс күндері және демалыс күндері сағат таңғы жетіден кешкі сегізге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. Ұжымдық, салтанатты шаралар, отбасылық басқосулар және өзге де бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.
Қаулы жетінші шілдеден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз. Еске салсақ, бұған дейін елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын жазған едік. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 439580 адамды құрап отыр. Одан бөлек, Алматы облысында коронавирусқа байланысты жаңа қаулы шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы алтыншы шілдедегі ақпарат жарияланғанын жазғанбыз.