Ерке Есмахан Ninety one тобының экс-мүшесі Азаматпен қарым-қатынасын айтты

Primary tabs

Ақп 01, 2021 / 0 комментарии

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі қалың көпшілік алдында "Ninety One" экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргенін растады деп жазады Kaskelenkz.
Ерке Есмахан ел көкейінде жүрген сұраққа Instagram парақшасында жауап берген. Ол жеке өміріне қатысты тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойып, өз шындығымен бөлісті.
Әнші атышулы "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді.
"Ерке Есмахан болу да оңай емес. AZ-мен жүру де оңай емес, бір қарағанда" , - деп қысқа да нұсқа да жауап берді шоу-бизнес жұлдызы.Өнер иесінің бұл жазбасы бірден желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, сансыз пікірлерге ие болды. Ерке Есмаханның өнердегі әріптестері де оның бұл мәлімдемесіне қатты таңғалған сыңайлы.
Ал әншінің жанкүйерлері болса, оның жеке өмірінде болып жатқан жайттарды мойындағаны үшін қуанған.